Әйелді тонаушының оғынан сөмкесі құтқарып қалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Нью-Йорк қаласында  тонаушы өз автомобилінің жүк салғышына заттарын қойып жатқан 39 жастағы әйелге кенеттен шабуыл жасаған.

Ол тапаншасымен қорқытып көліктің кілтін сұраған. Бірақ әйел қарсылық көрсеткен кезде күдікті қаруын оның кеудесіне тақап тұрып, атып жіберген. Оқ сөмке мен әмияннан өтіп, киімге тұрып қалған. Бұған жыны келген қарақшы әйелдің басынан тапаншамен ұрып, кілтті алған да көлікке мініп ізін суытқан, деп жазады New York Daily News.

Полиция тонаушыны қылмыс орнынан алты шақырым жерден қолға түсірді. Оған адам өміріне қастандық жасау, тонау, заңсыз қару ұстау, сондай-ақ  қарақшылық мақсатта  қаруды пайдалану бойынша айып тағылды. Зардап шеккен әйел ауруханаға жатқызылды.

Соңғы жаңалықтар