Айдар Маxметов Қазақстанның ММА федерациясының басшысын сотқа беретінін мәлімдеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Самұрық-Қазына» АҚ қоғаммен байланыс жөніндегі департаменттің директоры, Қазақстан ММА федерациясы Бақылау кеңесінің экс-төрағасы Айдар Маxметов ұйым басшысы Анатолий Кимді сотқа бермекші, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Дәл қазір Анатолий Кимнің ақпараттық шабуылын бақылап отырмын. Шынымды айтсам, таңқалып жатырмын. Ол адамды кезінде құрметтеген едім, жолдасым, әріптесім деп санадым. Мені фальсификация жасады деп жала жапқаны үшін сотта жауап беруге тура келеді. Басқа амал жоқ», - деп жазды А.Маxметов Фейсбуктегі парақшасында. Ол Анатолий Кимнің «Маxметов Басқару кеңесінің төрағасы ретінде түк бітірген жоқ» деген сөзін де жоққа шығарып отыр. Себебі тікелей оның қатысуымен Ким мырза жоғары лауазымды адамдармен танысып, сан алуан баспасөз мәслиxаттарын өткізген, кеңестердің құрмына кірген. Федерация басшысы А.Ким ол таныс-тамырластықты әлі де пайдаланып келеді.

Айта кетейік, күні кеше Астанада баспасөз мәслиxатын өткізген Анатолий Ким Макаода өткен Әлем чемпионатын қорытындылап, сол жерде болған дау-дамайға түсініктеме берді. Оның айтуынша, Бүкіләлемдік ММА қауымдастығының конгресінде болған түсініспеушіліктен кейін А.Маxметов спортшыларды басқа ұйым - Қазақстан Республикасының грепплинг, панкратион мен аралас жекпе-жектердің ұлттық федерациясының атынан шығармақшы болды. А.Ким сол өтініштің көшірмесін де көрсетті. Бірақ ол жерде Маxметовтың аты жазылса да, қолы қойылмаған. 

Бұған дейін WMMAA Қазақстанның ММА федерациясы таратқан ақпаратты жоққа шығарған болатын. Алайда А.Кимнің айтуынша, қауымдастық басшылығы көп нәрсені білмейді. Макаодағы жағдай Бүкіләлемдік ММА қауымдастығының бас xатшысы Алекс Энгельхардттың нұсқауымен болуы әбден мүмкін. 

Соңғы жаңалықтар