Автобустағы өртке қылмыс немесе жол апаты нұсқалары қарастырылмайды - ІІМ

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР ІІМ Ақтөбе облысында 52 адамның өліміне әкелген автобустағы өрттің бастапқы себептерін айтты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.

«Бастапқы себеп - салон ішінде бензинді пайдаланып от жағу. Бұл сол жерде болған жүргізушілердың және жолаушылардың сөзімен  нақтыланып отыр. Қылмыстық жағдай  немесе жол апаты болды деген нұсқалар қарастырылмайды»,-деп жазылған ведомство таратқан мәлімдемеде.

Қазір оқиға орнында өрт зертханасы және жедел тергеу тобы жұмыс істеп жатыр.

ҚР үкімет комиссиясы мен ІІД ТЖД және прокуратураның бірлескен жедел-тергеу тобының жұмысы да жалғасуда.

Соңғы жаңалықтар