Автобус аударылып, 22 адам зардап шекті, екеуінің жағдайы ауыр

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат -  АҚШ-тағы Флорида штатында сәрсенбі күні болған жол-көлік апаты салдарынан кем дегенде 22 адам зардап шеккен, деп хабарлайды  ABC  телеарнасы.

Келеңсіз жағдай Хайлендс округінде болды. Оқушыларды әкеле жатқан автобус жүк көлігіне соқтығысқан. Салдарынан 39 оқушы мінген автобус аударылып кетті.

Екі адам ауыр жарақаттанған, олар - ауруханада.

Полиция оқыс оқиғаның мән-жайын тексеріп жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша, апатқа  жүк көлігінің жүргізушісі  кінәлі. Ол оқушыларды түсіріп жатқан автобусты байқамаған.

Соңғы жаңалықтар