Австрияда шатыр құлап, 2 адам мерт болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Австрияда өткен фестивальда шатыр құлап, зардап шеккендер саны 120 адамға жетті, деп хабарлайды ТАСС.

Полиция нақтылаған мәліметтер бойынша, 100-ге жуық адам жеңіл жарақат алған, 20 адамның халі ауыр. Зардап шеккендердің барлығы жергілікті ауруханаларға жеткізілді.

Осыған дейін, 50 адамның зардап шеккені туралы хабарланды. Алайда, құтқару қызметі олардың саны әлі артуы мүмкіндігін ескертті. Өйткені жарақат алғандардың көпшілігі сенбі күні таң ата ауруханаға келе бастаған.

Бұл оқиға жұмадан сенбіге қараған түні болды. Қатты жел шатырды жұлып әкетіп, фестиваль өтетін ғимаратты зақымдады және оның ішіндегінің бәрін ұшырған.

Оқиға болған кезде мерекеге 700 адам қатысып жатқан. Екі адам шатырдың темірлері мен жиһаздардың бөлшектері тиіп мерт болды.

Полиция құрбан болғандардың аты-жөндерін анықтады. Олар 28 жастағы жергілікті тұрғын мен 19 жастағы румыниялық студент болып шықты.

Құтқарушылар мен медицина мамандары арнайы «жедел желі» қызметін ұйымдастырды. Ол арқылы туғандары мен туыстары өздерін іздеген адамдар туралы мәліметтерді біле алады.

Соңғы жаңалықтар