Австрияда парламенттік сайлау өтіп жатыр

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Австрияда мерзімінен бұрынғы парламенттік сайлау өтіп жатыр.

 Сайлау науқанына 16 партия қатысуда, олардың 10-ы федеральдық деңгейде, деп хабарлайды DW.

БАҚ мәліметтерінше, 6,4 миллион австриялық сайлаушы дауыс береді. Сайлау алды бәсекеде бірнеше ай бойы консервативтік Австрия халықтық партиясының көшбасшысы Себастьян Курц алда болды.

Бірақ канцлер Кристиан Керн басқаратын Австрия социал-демокатиялық партиясы да жұртшылыққа кеңінен танымал.

Алғашқы алдын ала деректер бүгін кешке мәлім болады. Ал дауысты соңғы қорытынды есептеу 19 қарашада аяқталады.

Соңғы жаңалықтар