Австралиялық жылан аулауды желі арқылы көрсетті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Австралияның Голд-Кост қаласының тұрғыны унитаз арқылы кірген улы жыланды ұстап алды, деп жазады UPI.

Австралиялдық отбасы унитаз арқылы үйге кіріп кеткен бойганы ұстау үшін арнайы маманды шақыртқан.

Жылан аулаушы Тони Харрисон (Tony Harrison) улы жәнтікті қалай ұстағандығын Facebook арқылы көрсеткен. Ол жыланды 3 минуттың ішінде торға түсірген.

«Таңертең ұйқыдан тұрып, унитазға отырған кезде, жылан шыға келеді. Осы оқиғаны көз алдыңызға елестетіп көріңізші» деп түсініктеме береді Харрисон.

Соңғы жаңалықтар