Аузындағы электронды темекісі жарылып, жеті тісінен айырылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Америкалық Айдахо штатының тұрғыны электронды темекіден зардап шекті, деп жазды The Sun.

Эндрю Холл (Andrew Hall) жұмысқа жиналып жатып электронды темекі шегеді. Бірақ ол жарылып кетіп, жеті тісінен айырылды. Бұл аздай, екінші деңгейлі күйікке шалдықты және ауыз қуысының басқа да жарақаттарына душар болды. Оны тіс дәрігеріне жеткізіп, көмек көрсетілді. Зардап шегуші енді тамақтанарда қатты қиналуда.

Холл жарылыстан кейінгі суреттерін Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасына жариялады. Кадрдың астына ер кісі осы оқиғаға дейін вейптің дұрыс жұмыс жасағандығын жазып, пікір қалдырған. Америкалықтың айтуынша, ол элоктронды темекі жарылатындай ештеңе жасамаған. 

Соңғы жаңалықтар