Ауылдағы күрделі жөндеуден өткен медициналық мекемеде 483 науқас ем алуда - Ақмола облысы

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының Бұланды ауданындағы медициналық әлеуметтiк мекемесі күрделі жөндеуден өтті. Бұл туралы аймақ басшысы Сергей Кулагиннің ауданға жұмыс сапары барысында айтылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

null
Купчановка елді мекеніндегі медициналық әлеуметтiк мекемеде бүгiнгi күнi 483 науқас ем алуда. Өткен жылы мұнда жалпы құны 308 миллион теңгені­ң күрделі және 58,2 миллион теңгеге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Мекемеде болған облыс әкiмi ғимараттың ішін аралап көріп, дәрігерлер ұжымымен кездестi. Орталық директоры Талғат Сүлейменовтің айтуына қарағанда, мұнда науқастардың осында тұрып, емделуіне барлық жағдай жасалған. Мекемеде 250-ге жуық медициналық қызметкер жұмыс істейді.

null  

 «Тәуелсіздік алған жылдардан бері бұл ғимаратта алғашқы рет күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес мүмкіндігі шектеулі жандардың әлеуметтік бейімделуі үшін барлық жағдай жасалынуда. Енді ашық та, жайлы бөлмелер қамқорлыққа алынғандардың психологиялық жағдайын жақсартуға аз да болса септігін тигізеді деп сенемін», - деді С.Кулагин өз сөзінде.

null  

 Орталықта психологиялық, еңбек терапиясы, ЛФК, стомотология кабинеттері, салтанат залы, кітапхана, зертхана жұмыс істейді.  Алдағы уақытта облыстағы өзге медициналық әлеуметтiк мекемелерде де күрделі жөндеу жұмыстарын қолға алу көзделген.

Соңғы жаңалықтар