Ауыл таксистері заңсыз адам тасығаны үшін жауапқа тартылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысының Аққайын аудандық сотында ауылдың екі көлік жүргізушісіне қатысты азаматтық іс қаралды, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сот материалдарына сәйкес, салық органдарының тексерісі кезінде Смирново ауылында заңсыз кәсіпкерлік қызметпен айналысқан азаматтар анықталды. Ауылдың екі тұрғыны жеке көліктерімен адам тасып, ақша тапқан. Алайда жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік органдарда тіркелмеген.

«Сот қаулысымен Н. және М. әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 463-бабы, 1-тармағы бойынша заңсыз кәсіпкерлік қызметпен айналысқаны үшін кінәлі деп танылып, әрбіреуі 15 айлық есептік көрсеткіш (36 075 теңге - авт.) көлемінде айыппұл төлеуге міндеттелді», - делінген соттың ресми xабарламасында.

Соңғы жаңалықтар