Ауыл шаруашылығы техникаларын сатып алуға жеңілдетілген несие беріледі

None
None
АСТАНА. ҚазаАқпарат - Бүгін Елбасы тапсырмасын орындау мақсатында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов жұмыс сапарымен негізгі астықты өлкенің бірі - Қостанай облысына барды, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрі жұмыс сапары барысында Қазақ ауыл шаруашылығын механикаландыру және электрлендіру ғылыми-зерттеу институтында болып, ауыл шаруашылығы техникаларының жаңа түрлерімен танысты.

null 

Ол осы жылдан бастап отандық өндірушілерден аспалы-тіркемелі ауыл шаруашылығы техникаларын лизингке алу үшін жеңілдетілген несие бағдарламасы іске асырылатынын атап өтті (шағын механикаландыру). Бұл мақсатқа 5,5 % мөлшерлемемен 5 млрд теңге көлемінде қаржы қарастырылғанын да айта кетті. 

null 

Соңғы жаңалықтар