Ауыл шаруашылығы кооперативтерінің тиімділігі қандай

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат -Қазақстанда агроөнеркәсіп кешенін дамыту мемлекеттік бағдарламасы аясында 2021 жылға дейін 1204 ауыл шаруашылығы кооперативі құрылады. Бұл туралы бүгін ҚР АШМ Ауыл шаруашылығы кооперациясы департаменті директорының орынбасары Нұрболат Мақашев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Нұрболат Мақашев Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауында Ауыл шаруашылығы министрлігі мен облыс әкімдіктеріне 5 жылдың ішінде 500 мыңнан астам жеке үй шаруашылықтары мен шағын фермерлерді ауыл шаруашылығы кооперативтеріне тарту туралы тапсырма бергендігін еске салды. 

«Осыған байланысты биылғы жылы агроөнеркәсіпті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы қабылданды. Оның аясында 2 021 жылға дейін 500 мың шаруашылықты тарта отырып 1 204 ауыл шаруашылығы кооперативін құру жоспарланған», - деді ол.

Департамент директоры орынбасарының айтуынша, шағын шаруа қожалықтары мен жеке қосалқы шаруашылықтарды кооперативтерге тарту бойынша  шаралар күшейтілген. Ауыл шаруашылығы, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктері және облыс  әкімдіктері арасында ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру бойынша үшжақты іс-шаралар жоспарына қол қойылған.

«Осы іс-шаралар жоспарына сәйкес осы жылдың соңына дейін 467 ауыл шаруашылығы кооперативін құру жөніндегі индикативті көрсеткіш айқындалды. Сонымен қатар бүгінгі күні ауыл шаруашылығы кооперативтеріне бірқатар қолдаулар көздерген. Атап айтар болсақ, өткізілген сүт көлемінің 1 литріне 10, сойып өткізілген ірі қара мал басына 20 мың, ұсақ малға 1 500 теңге субсидия қарастырылған. Мұнан бөлек, құрама жемнің құнын арзандату қарастырылған. Ауыл шаруашылығы субъектісі жаңа жабдық пен технмика сатып алған кезде жұмсалған шығыстарының 50 пайызына дейін құнын өтеуге субсидия беріледі», - деді ол.

Мақашевтің айуынша, ауыл шаруашылығы кооперативтері лизинг арқылы бастапқы жарнасыз модульдік сүт қабылдау пунктерін, сүт және ет таситын көліктерді сатып алу тетіктері анықталған.

 

Соңғы жаңалықтар