Ауғанстан Премьер-министрі Астанаға келді

None
None
АСТАНА.ҚазАқпарат - Ауғанстанның Премьер-министрі Абдулла Абдулла Астанаға келді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Қазақстандағы Ауғанстан елшілігінің мәлімдеуінше, ауған үкіметінің басшысы Астанада өтіп жатқан «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі аясындағы Ауғанстанның ұлттық күніне қатысады.

Абдулла Абдулла 2014 жылдың 29 қыркүйегінен бері Ауғанстан Ислам Республикасының атқарушы билігін басқарады.

Соңғы жаңалықтар