Ауғанстан билігі: Ең алып бомба ислам мемлекетінің 90 содырының көзін жойды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-тың авиасоққысы салдарынан «Ислам мемлекеті» тобының кем дегенде 90 содыры көз жұмды, оларға ел арсеналындағы   ядролық емес қуатты бомбалардың бірі қолданылды, деп хабарлады Би-би-сиге Нангархар провинциясындағы ауғандық Ачин ауданының губернаторы Исмаил Шинвари.

Оның айтуынша, бейбіт азаматтар арасында құрбандар жоқ.

Ауғанстанның премьер-министрі Абдулла Абдулла атап өткендей,  соққы ауғандық билікпен бірлесіп,    азаматтық тұлғаларға зиян келтірмеу үшін аса сақтықпен жасалды. 

Бұл ретте Би-би-сиге жергілікті тұрғындардың бірі жарылыс салдарынан бірнеше үйдің жойылғанын хабарлады. Ол сондай-ақ қуатты жарылыс «түнгі аспанды жарықтандырып жібергенін» айтты. 

  GBU-43/B MOAB  бомбасының ұзындығы тоғыз метр, салмағы  10 тонна,   "бомбалардың атасы" деген атпен белгілі. Алғаш рет 2003 жылы қолданылды, одан бұрын соғыс жағдайында қолданылмаған.   

Соңғы жаңалықтар