Әуезов театры директорының ісі сотқа жіберілді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Алмалы аудандық соты пара алды деп айыпталған Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының директоры Ерлан Біләлдің қылмыстық ісін қарайтын болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Күдікті ҚР ҚК 366-бабының 2 -бөлігімен, 24-бабының 3-бөлігімен айыпталып отыр.

Айта кету керек, 5 қаңтарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының директоры Ерлан Біләлді заңды тұлғадан 900 000 теңге көлемінде пара алған жерінен ұстаған болатын.

Ерлан Біләл қылмысын мойындағап, кепілдеме төлейтіндіктен босатылды. Кейінірек ол сотқа 1 млн 205 мың теңге көлемінде кепілдеме төледі.

Соңғы жаңалықтар