Әуежай атауын өзгерту - дамуға бастар жаңа жол

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Астана әуежайының кемел елдің кемеңгер көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен аталуын оңтүстікқазақстандық түрік кәсіпкерлер де қолдайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.

Шымкентте шағын кәсібін дөңгелетіп жүрген Хусейн Чалышхан «ел президентіне осылай құрмет көрсету - жарасымды» дейді. Шаһар төрінде  түрік асханасын ашып, қазақ билігінің мәрттігін көрген азамат Қазақстандағы елеулі жаңалықтарды қалт жібермейді. Үкіметтің маңызды қаулысы  бұрыннан күтілген шешім екенін екшеді. Кәсіпкер бұл бастама бұған дейін де  бірнеше мәрте көтерілгенін біледі.

«Қонақ келсе, қой егіз табады» деген.  Халықаралық маңызды шарамен тұспа-тұс  бұл шешімнің қабылдануы  - Қазақстанның әлемдік қауымдастық алдында биік белеске бет алғанын көрсетеді», - дейді кәсіпкер.

Ол сондай-ақ посткеңестік кеңістікте әуежайлар атаусыз болған. Бүгінгі қадам  сол кезеңмен қош айтысып,  дамудың жаңа сатысына жол бастағанмен пара-пар екенін айтты.  Түркияда Ататүрік әуежайы бар. Бұл нысан арқылы туристер, мемлекеттің мәртебелі қонақтары елдің елеулі тұлғаларын таниды.  Еңбегін бағамдауға мүмкіндік алады.  Стратегиялық маңызы орасан нысанда  тек бейбіт ұшып-қону амалдары  орындалуын тілейді.

«Әуежайларға адам есімдерін беру тәжірибесі негізінен батыстық демократиялық әлемге тән. Париждегі әуежай Шарль де Голль атында, сондай-ақ Нью-Йорк қаласында Кеннеди есімі, Вашингтон шаһарында Даллес есімі берілген әуежайлар бар. Бас қаладағы халықаралық әуежайға Президент есімі берілуі   байыпты  қабылданған шешім деп есептеймін», - дейді Хусейн Чалышхан.

Соңғы жаңалықтар