Ауа райына байланысты 5 облыста жолдар жабылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ауа райының күрт құбылуына (көктайғақ) байланысты 5 облыста автожолдар жабылды. Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетіне сілтеме жасап хабарлайды.

Қарағанды облысында автокөліктің барлық түрлері бойынша барлық бағыттарға қозғалыс шектелді.

Павлодар облысында республикалық маңызы бар «Павлодар - Шарбақты» (0-112 км, Павлодар - РФ шекарасы) автожолында, Павлодар - Қарағанд және Павлодар - ШҚО шекарасы бағыттарында жолдар автокөліктің барлық түрлері бойынша барлық бағыттарға қозғалыс шектелген.

Шығыс Қазақстан облысында ауа райының күрт қиындауына байланысты (қар, көктайғақ) республикалық маңызы бар «Омбы - Майқапшағай» (585-733 км, Павлодар облысының шекарасы - Семей) автожолы көліктің барлық түрі үшін жабылды.

Бұдан тыс, облыстық маңызы бар «Семей - Курчатов» (4-130 км) автожолы учаскесіндегі қозғалыс көліктің барлық түрі үшін шектелді.

Ақмола облысында   автокөліктің барлық түрлері бойынша республикалық маңызы бар «Екатеринбург-Алматы» (Аршалы кентінен Қарағанды облысына дейінгі аумақ, 1330-1353 км) тас жолында қозғалыс шектелген.

Алматы облысында республикалық маңызы бар Алматы - Өскемен жолының 558-615 километрлері аралығындағы учаске жолаушы және жүк автокөліктері үшін жабық.

Соңғы жаңалықтар