Ауа райы: Астана мен еліміздің үш өңірінде ескерту жарияланды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада және еліміздің үш аймағында ауа райының бұзылуына қатысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Атап айтқанда, 27 сәуір күні Ақмола облысында түнде 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, күндіз 15-20 м/с жылдамдықпен, оның екпіні 25 м/с жетуі ықтимал. Күн күркіреп, найзағай ойнайды.

Астанада 27 сәуірде таңертең және түстен кейін оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықта жел тұрады. Дауылдың ықтималдығы 90-95%.

27 сәуір күні Қостанай облысында түнде - 15-20 м/с, күндіз 25 м/с күшпен жел соғады. Кей жерлерде найзағай ойнап, тұман түседі.

27 сәуір күні түстен кейін Солтүстік Қазақстан облысында оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жел тұрады, кей жерлерде оның екпіні 25 м/с жетеді. 

Петропавлда 27 сәуір күнінің екінші жартысында оңтүстік және оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғатыны күтіледі. 

Соңғы жаңалықтар