Атыраулық оқушы ағаш қалдықтарынан тағам әзірлеуді ұсынып отыр

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау қаласында Назарбаев зияткерлік мектебінің 8-сынып оқушысы өзінің ғылыми жобасына екі инвестиция ұтып алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Білім мен ғылымның қарыштап дамыған дәуірде инновациялық құралдарға сұраныс жоғары.

«Әрбір жаңа өнім немесе тың технологиялық құрылғы адамзат өміріндегі белгілі бір проблемаларды шешуге және қоғам өмірін жақсартуға бағытталуы қажет», - дейді Ақтау қаласында өткен «Caspian Start-Up 2018» байқауының жеңімпазы Бектайыр Төлешов.

Атыраулық оқушы кәдімгі ағаш қалдықтарын пайдалана отырып олардан жасанды (синтетикалық) тағамды алуға болатынын дәлелдеді. Бектайыр Төлешов өзінің бірнеше айлар бойы жүргізген сынақтарының нәтижесінде ағаш жасушаларынан тағамның түр-түрін жасауға болатынын анықтаған.
null

Жоба авторының мәлімдеуінше, «Сынама ретінде жасалған алғашқы өнімдерді кәдімгі табиғи жолмен алынған тағамдармен салыстыруға келмейді. Алайда, аталған зерттеулерді әлі де жүргізетін болсақ, болашақта, Қазақстан арзан әрі ағзаға қауіпсіз, тез сіңіп кететін тағамдарды дайындаудан көшбасшы бола алады» - дейді ол.

Атырау қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің баспасөз хатшысы Әнуар Жаманқұловтың айтуынша, оқушының ғылыми жетекшісі, химия пәнінің мұғалімі Рақымжан Қосанов аталған жобаны Ақтауда өткен «Caspian Start-up 2018» сайысына ұсынған. Жүздеген жұмыстар арасында Бектайырдың тырнақалды бастамасы екінші кезеңге өтіп, ақтық мәреде үздіктер қатарынан табылды. Ағаш қалдықтарынан тағам алудың тың тәсіліне қызығушылық білдірген екі бірдей ақтаулық кәсіпкер Бектайырдың жұмысына қаржы құюға ниет білдіріпті. Бірі жаңа зерттеулер жүргізуге 200 мың теңге көлемінде ақша берсе, енді бірі Бектайырдың ғылыми жобасын сатып алуға ниет танытып отыр.

null

Авторы: Абай Абылайұлы

Соңғы жаңалықтар