Атыраулық кикбоксшы Қазақстанның 8 дүркін чемпионы атанды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атыраулық спортшы Сәлімжан Сәлімгереев Қазақстанның 8 дүркін чемпионы атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жуырда Өскемен қаласындағы «Жекпе-жек»  сарайында кикбоксингтан жастар арасындағы Қазақстан чемпионаты мәресіне жетті. Бес күнге созылған ел біріншілігіде Қазақстанның барлық өңірлерінен мықты деген спортшылар жиналып, әлем чемпионатына жолдаманы сарапқа салды.

 Атырау облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз хатшысы Ілияс Шайхиевтың айтуынша, Мереке Рыспаев бастаған Атырау облысы жастар құрамасы 1 алтын, 1 күміс және 1 қола медаль еншіледі. Осы бәсекеде Сәлімжан Сәлімгереев қарсыластарының барлығын тізе бүктіріп, 8 дүркін Қазақстан чемпионы атанды. Диана Жұмағазиева күміс жүлде иеленсе, Аян Шамболов қола медальға қол жеткізді.

Енді қыркүйек айында өтетін жастар мен жасөспірімдер арасындағы кикбоксингтен әлем чемпионатында ел намысын Сәлімгереев Сәлімжан қорғайтын болады.

Авторы: Абай АБЫЛАЙҰЛЫ

Соңғы жаңалықтар