Атыраудағы жол апаты: кішкентай қыз мерт болып, анасы ауруханаға жеткізілді

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Бүгін Атыраудың Привокзальный шағын ауданында төрт жасар қызымен бірге жолды кесіп өтпек болған әйелді көлік қағып кетті, деп хабарлайды, «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Балабақшаға бара жатқан әйел мен оның қызын «Лада-Ларгус» автомобилі қағып кеткен. 2013 жылы туған қыз ауыр жарақаттардың салдарынан оқиға орнында қаза тапқан, ал оның анасы ауруханаға жеткізілді. Жүргізуші 1986 жылы туған, Индер ауданында тұрады», - деп мәлімдеді облыстық ІІД баспасөз хатшысы Назымгүл Қайсағалиева.

Осы факті бойынша тергеп-тексеру басталды.

Соңғы жаңалықтар