Атыраудағы автобус апатынан екі жолаушы зардап шеккен

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда жолаушылар автобусының қатысуымен болған жол-көлік оқиғасынан екі жолаушы зардап шеккен, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

 Бұған дейін автобустың бетон қоршауға соқтығысқаны хабарланған еді.

 «Алдын ала болжам бойынша, руль тартқыштың істен шығуынан жолаушылар автобусы апатқа ұшыраған, - деді облыстық ІІД баспасөз хатшысы Гүлназира Мұхтарова. - Соқтығыс салдарынан екі жолаушы зардап шеккен. Оларға дәрігерлік көмек көрсетілген соң, үйлеріне қайтарылды».

ҚР ӘКБК 610-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Бірқатар сараптама тағайындалды, деп толықтырды өз сөзін Г.Мұхтарова. 

Соңғы жаңалықтар