Атырауда жаңа гемодиализ орталығы пайдалануға берілді

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда жаңа гемодиализ орталығы ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жаңа медициналық мекеме күніне 20-25 адамды қабылдай алады. Онда екі кабинет бар, бірі жалпы науқастарға, екіншісі вирусты гепатитке шалдыққандарға арналған. Орталық гемодиализ жасайтын жоғары технологиялық 11 аппаратпен жабдықталған. Ол екі кезекпен жұмыс істейді. Сондай-ақ облыстық аурухана жанында да шемодиализ орталығы жұмыс істейді. Онда тек шұғыл жағдайда көмек көрсетіледі», деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасынан.

Жаңа гемодиализ орталығын мемлекеттік-жекешелік әріптесті аясында бір компания салды.

Автор: А. Соколов

Соңғы жаңалықтар