Атырауда тонаушылар 19 млн. теңгені әр жерге шашып кеткен

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда 24 млн. теңге ұрланған  қарақшылық шабуыл жайлы толық мәлімет белгілі болды, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Ұрлық қалаға жақын «Рыбник» бақша қоғамында жасалған. Беттерін тұмшалап алған ұрылар иесі 24 млн теңге кредит алған үйге баса көктей кіріп келген. Олар әйелді тапаншамен қорқытып, ақшаны алып кеткен. Айғайды естіген көршісі шу көтерген. Ұрылар дер кезінде ұсталды.

null 

«Олар іздерін жасыру үшін ақшаны әр жерге шашып кеткен. Кейіннен полицейлер жол жиегінен 10 млн теңге тапса, саяжайдағы үйден 9 млн теңге тапқан. Күдіктілер қамалды. Оларға қатысты соталды тергеу басталды», - деді ІІД баспасөз қызметінде.

null 

Соңғы жаңалықтар