Атырауда қазақша күрестен ашық республикалық турнир өтті

None
None
 АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда қазақша күрестен ашық республикалық турнир өтті, деп хабарлады Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметінен.

Аталмыш шара «Ұлы даланың ұлттық дәстүрлері» Халықаралық форумы аясында өтті. Жарысқа Қазақстанның барлық облыстарынан мықты деген 18 спортшы, сондай-ақ Грузияның палуандары қатысты.

«Қазіргі уақытта Атырау облысында ұлттық спорт түрлері белсенді дамып келеді, солардың бірі қазақша күрес. Жарысқа «Қазақстан барысы» және «Әлем барысы» турнирлерінің жеңімпаздары қатысты. Іс-шара жоғары деңгейде өтті», - деді облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Азамат Бекет.

Турнирдің жалпы жүлде қоры 4 миллион теңгені құрады. Бас ақшалай жүлде - 2 миллион теңгені Шығыс Қазақстан облысының палуаны Айбек Нұғымаров иеленсе, екінші орын алған алматылық палуан Дәурен Нуралинов 1 миллион теңгені қанжығасына байласа, үшінші орынды, яғни 500 мың теңге ақшалай жүлдені қарағандылық Ержан Шынкеев пен алматылық Руслан Әбдіразақов бөлісті.


null 

Соңғы жаңалықтар