Атырауда газ бағасы қымбаттады

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда тұрғындар және жылумен жабдықтау кәсіпорындары үшін газ бағасы қымбаттады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«ҚР Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті «ҚазТрансГазАймақ» АҚ-ның газ бағасын қымбаттату жөніндегі өтінішінің қорытындысын шығарды. 1 тамыздан бастап тұрғындар үшін газдың текше метрі 7,15 теңгеге, 11 пайызға артты», - деп хабарлады облыстың монополияға қарсы ведомствосы.

Газ жеткізуші мекемелердің заңды тұлғалар үшін газ бағасын өсіру жөніндегі өтініштері кері қайтарылды. 

Соңғы жаңалықтар