Атырауда биыл бірнеше әлеуметтік нысан салынады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Атырауда 2018 жылы алты әлеуметтік нысанды пайдалануға беру жоспарлануда, деп хабарлайды ҚазАқпарат әкімнің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

Қала маңында 1000 орындық 4  мәдениет үйі, Дина Нүрпейісова атындағы музыкалық колледж студенттеріне арналған 100  орындық жатақхана, Тасқала селосында  320 орындық дене шынықтыру-сауықтыру кешені  бой  көтереді, деп хабарлайды Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі.
null 

Еркінқала,   Ақжар,   Жаңаталап,  Томарлы селоларында жаңа мәдениет үйлері ашылады. Қаладағы 27  мектептің жанынан спорт алаңдарын, Еркінқала селосында ДСК, Балықшы, Кеңөзек, Дамбы,  Атырау селолық округтерінде алты спорт зал, жасанды төсемі бар 4  футбол алаңын салу үшін жобалау-сметалық құжаттама дайындалуда.
null 

Биыл қала алаңдарын абаттандыру мен демалыс саябақтарының құрылысын жүргізу жоспарланып отыр. Қазір «Исатай-Махамбет» орталық алаңын жаңғыртуға,   Жайықтың оң жағалауынан демалыс орнын салуға ЖСҚ дайындалып, мемлекеттік сараптама жүріп жатыр. 

«Бұл нысандар кездейсоқ таңдалған жоқ, қала әкімінің азаматтарды қабылдауы мен кездесулерінде  халықтан түскен ұсыныстар жиналып,  жүзеге асырылуда», делінген Атырау қаласы әкімінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

2018  жылы азаматтардан жақсы идеялар жинауға бағытталған шаралар өтеді. Қала әкімі Серік Шапкенов мәдени көпшілік демалыс орындарын салуға, тұрғындардан қолдау тапқан жобаларды жүзеге асыруға көңіл бөліп отыр.

Айта кетейік,  биыл Атырау қаласында 7  субұрқақтың құрылысы басталады, жаңа нысандардың жобалау-сметалық құжаттамасы мемлекеттік сараптамадан өтіп жатыр

Соңғы жаңалықтар