Атырауда бетон және полиэтилен пакеттері шығарылмақ

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау облысында «Кәсіпкерлікті қолдау картасына» енгізілген бес жаңа жоба іске асырылуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Атырау облыстық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы Айхын Елеусізовтың айтуынша, бұл - тауарлы бетон өндіретін «New Ascent» ЖШС, бір рет қолданылатын стақан өндіретін «АНТА» ЖШС, темірбетон бұйымдарын шығаратын «Атырау бетон 24» ЖШС мен пластик қалдықтарын өңдейтін Эко Пластик» ЖШС.

"Аталған жобаларды іске асыруда мемлекет тарапынан берілетін несиелерді субсидиялау, пайыздық мөлшерлемелер, кепілдендіру және грант бөлумен қамтамасыз ететін болады" -дейді ол.

Жобалардың жалпы құны 2,5 млрд теңгені құрайды. Жобаның іске қосқанда өңірде 107 жаңа жұмыс орны ашылады деп жоспарлануда.

Авторы: Абай АҚМҰРЗИЕВ

Соңғы жаңалықтар