Атырауда автобус бетон қоршауға соғылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Атырауда жолаушылар автобусы бетон қоршауға соғылды, деп хабарлады «Мой город» порталы.

 Жол-көлік оқиғасы 27 наурыз күні кешке №12 жолаушылар автобусының қатысуымен болды.

Апат куәгерлері  Instagram-да zello_atyrau парақшасына колледж маңында жолдан шығып кеткен автобустың фотосын жариялады.

Пікір білдірушілер автобусқа жол шетіндегі дренажды каналдар тосқауыл бола алмағанына қарағанда, оның апат кезінде жылдамдығы жоғары болғанын болжап отыр.

Апат себептері, жүргізушінің жай-күйі және зардап шеккен жолаушылар туралы ақпарат анықталып жатыр.


 

 

  

Соңғы жаңалықтар