Атырауда ауыл шаруашылығы жəрмеңкесінің маусымы ашылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Атырау тұрғындары Конституция күніне ұйымдастырылған жəрмеңкеде көкөністерді  базар нарығынан 15-20 %-ке арзан бағаға алды, деп хабарлайды өңірлік коммуникация қызметі.

Жəрмеңкеге аймақтағы 20-дан астам шаруашылық қатысып,  10 тонна көкөніс, бақша дақылдары мен жарты тоннадан астам балық өнімдерін ұсынды. Атырау облысында мемлекеттің қолдауы арқасында егіндік алқап көлемі жыл санап артып келеді. Қазір өңірде пияз, сəбіз, қызылша секілді бақша өнімдеріне тапшылық жоқ. Мамандар картоп импортының төмендегенін айтады. Биыл 22,9 миллиард теңгенің ауыл шаруашылығы өнімдері өндірілді. 

Аймақта ауыл шаруашылығы, егін шаруашылығы өнімдерін шығару мен өңдеу ісі дамып келеді. Тамшылатып суару əдісі 2 300 гектар жерге қолданылады.

«Конституция күніне арналған осы шарамен ауыл шаруашылығы өнімдерінің жəрмеңкесін бастап отырмыз, ол күз бойы жалғасады», - дейді Атырау қалалық кəсіпкерлік жəне туризм бөлімінің басшысы Руслан Ибраев. -Аймақтағы тауар өндірушілерді алдағы шараларға белсенді қатысуға шақырамыз. Акыл шаруашылығы өнімін өндірушілер үшін қолайлы жағдай жасалады. «Сарайшық» базарынан өнімдерін сатуға орындар тегін беріледі. Ал тұтынушылар жоғары сапалы жергілікті өнімдерді қолжетімді бағада алады. Коммуналдық базар кəсіпкерлерге сауда жасау қызметінің кешенді түрін ұсынады».

Руслан Ибраевтың айтуынша, жергілікті өндірушілердің ауыл шаруашылығы өнімдерінің жəрмеңкесі «Сарайшық» базарының алаңында күн суытқанша ұйымдастырылады.

Соңғы жаңалықтар