Атырауда әкімдік қызметкерлері мемлекет иелігіне қайтарылған саябақты қоқыстан тазартты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Атырауда қаланы санитарлық тазалаудың екі айлығы шеңберінде жалпықалалық сенбілік басталды,  деп хабарлайды Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі.

Бүгін сәуірде «Қиял әлемі»  саябағы аумағын тазарту жұмысы басталды. Сенбілікке қалалық әкімдік пен коммуналдық мекемелердің қызметкерлері қатысты. Атырау қаласы әкімінің орынбасары Мейірім Қалауидің айтуынша, саябақ аумағының жалпы ауданы 4 гектар, санитарлық тазалау екі күнге жалғасады.

«Саябақ аумағы тазаланғаннан кейін тал егеміз. Алға қарай бұл жерді абаттандыру жоспарда бар. Балаларға арналған аттракциондар мен субұрқақтары бар жаңа саябақтың ЖСҚ дайындауға конкурс жүріп жатыр. Атырау қаласының  көрікті жерлерінің бірі болады деген ойдамыз», дейді Мейірім Қалауи.

Айта кетерлігі, «Қиял әлемі» саябағы 1  мамырда ашылады. Саябақта кем дегенде төрт қақпа болады. Ішке Жеңіс саябағы арқылы да кіруге болады. 

null 

«Бұл саябақ  он жыл бойы қараусыз қалып келді. Биыл аумақ мемлекет меншігіне қайтарылды. Жанындағы «Ривьера»  кешені де мемлекет иелігіне қайтарылды, оны да абаттандырып,  саябаққа айналдыру жоспарда бар», -дейді қала әкімінің орынбасары. 

null null null null 

Айта кетейік,  «Қиял әлемі»  саябағы аумағын тазарту жұмысы жексенбі 22  сәуірде де жалғасады. Сенбілікке барлық тұрғындар қатыса алады.

Соңғы жаңалықтар