Атырауда 165 бүлдіршінге арналған балабақша салынды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау қаласы маңындағы Геолог ауылында 165 бүлдіршінге арналған балабақша пайдалануға берілді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Ауласы кең, сәулетті балабақша Мирас тұрғын үй алабында бой көтерді. Жоба құны 303 миллион теңгені құрады, аумағы - 7604 шаршы метр. Мұнда Геолог ауылындағы барша бала тәрбиеленетін болады.



Балабақшаның салтанатты ашылу рәсіміне Атырау қаласының әкімі Серік Шәпкенов қатысып, облыс әкімінің атынан жиналғандарды Тәуелсіздік күнімен, көптен күткен мектепке дейінгі білім беру мекемесінің ашылуымен құттықтады.



Шараға келген ата-аналар балабақшаға жұмсалған қомақты қаржы босқа кетпегеніне көз жеткізді. Екі қабатты ғимараттың ішіндегі кабинеттердің барлығы қазіргі заманғы білім беру талаптарына толық жауап беретіндей етіп жабдықталған. Мұнда жеті топ тәрбиеленеді. Ғимаратта музыка және спорт залдары, медицина кабинеті, асхана, кір жуу блоктары да бар.

Соңғы жаңалықтар