Атырау полицейлері көпірден секірмек болған қызды құтқарып қалды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау полицейлері көпірден секірмек болған қыздың өміріне араша түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Атырау облыстық ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат тобының жетекшісі Назымгүл Қайсағалиеваның айтуынша, өздеріне бекітілген аумақты шолу кезінде полиция қызметкерлері орталық көпірдің қоршауынан асып, секіргелі тұрған қызды көзі шалады. Дереу қасына барып, оны сабырға шақырған. Келіссөзге шақырған кезде азаматшаның қарсылық танытқанына қарамастан, оңтайлы сәтті пайдаланған полицейлер оны көпірдің жаяу жүргіншілер жүретін қапталына шығарып алды. Кейін мән-жайды анықтау мақсатында Атырау қалалық ішкі істер басқармасына жеткізілген.

Белгілі болғандай, азаматша - 1988 жылы туған жергілікті тұрғын.

Айта кетейік, қызды құтқарып қалған екі қызметкерді бірі - Атырау ІІБ ЖППБ полицейі, полиция сержанты Қуат Абдолов ішкі істер органдарында 2014 жылдан бері қызмет атқарып келеді. Ал екінші тәртіп сақшысы - аталған басқарманың  қызмет инспекторы, полиция кіші лейтенанты Абылай Сағынов полиция қатарында 2015 жылдан бастап жұмыс жасайды.    

Соңғы жаңалықтар