Атырау облысының Аққала ауылында жаңа мектеп салынды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау облысының Аққала ауылында жаңа мектеп салынды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.

«Мен Аққала ауылының тұрғындарын осындай керемет мектептің ашылуымен құттықтаймын. Балаларға оқулары қызықты және олардың үлгерімдері жақсы болсын деп тілеймін»,-деді Атырау облысы әкімінің орынбасары Әлібек Наутиев мектептің ресми ашылу рәсімінде.

Мектеп екі қабатты және ол 1,44 га аймақты алып жатыр. Мектептегі барлық кабинеттер интерактивті тақталармен жабдықталған, лингафон кабинеттері, компьютер сыныптары да бар. Физика, биология және химия пәндерінің кабинеттері оқу-зертханалық құрылғылармен жабдықталған. Мектепте оқу-әдістемеліктер мен өзге де қажеттіліктер бар.

Онда балалар спорт алаңдары мен жүгіруге арналған жолақтарды пайдалана алады. Олар арнайы қауіпсіз резинадан жасалған және жарақат алудан сақтайды. Спорт ойындарына арналған алаңдарға жасанды көгалдар төселген. Онда футбол ойнауға болады.

Соңғы жаңалықтар