Атырау облысындағы 5 ОАР азаматын елден шеттетеді

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - ҚР көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін Оңтүстік Африка республикасының 5 азаматы елден шеттетіледі, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Атырау облысы ІІД қызметкерлері профилактикалық жұмыс кезінде «Raim Group» ЖШС-де жұмыс істеуге келген ОАР азаматтарының көші-қон заңнамасын бұзғанын анықтаған. Қазақстанға келерде шетел азаматтары жалған мекенжайды көрсеткен.

«Нәтижесінде, олар ҚР әкімшілік құқықбұзушылық туралы 517 баптың 2 бөлігі бойынша жауапқа тартылып, іс сотқа жолданды» - деп хабарлады ІІД баспасөз қызметіндегілер.

Жылыой аудандық сотының шешіміне сәйкес, құқық бұзушылар айыппұл төлеп, Қазақстаннан шеттетіледі.

Соңғы жаңалықтар