Атырау облысында «Жасыл Ел» жасағының саны артады

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау облысында алдағы жазда тек студенттерден емес, сондай-ақ жұмыссыз жастардан құрылған «Жасыл Ел» жасағының саны артады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі. 

null

«Жасыл Елге» тартылатын жастар саны үш есеге дейін артады - 2016 жылы 600 адам болса, ағымдағы жылы 2 мыңға дейін жетеді. Мамыр айында жұмыссыз жастардан құралған жасақтар өз жұмысын бастаса, маусым айынан бастап студенттер жасағы келіп қосылады. Тек адамдар санын арттырып қана қоймай, олардың жалақыларын да көбейттік. Егер бұрын олардың еңбекақысы 47 мың теңге көлемінде болса, биылғы жылы салықтар мен әлеуметтік аударымдарды қоса есептегенде 60 мың теңге алатын болады. Облыс әкімі бағдарламаға қолдау көрсетіп, жергілікті бюджеттен трансферт арқылы қаржы көлемін арттыруға тапсырма берді. Осылайша, 2017 жылы Атырау облысында «Жасыл Ел» бағдарламасы аясында жастарды жұмыспен қамтамасыз ету үшін 140 млн теңге бөлініп, оның 39-ы - республикалық бюджеттен, 101 миллионы - жергілікті бюджеттен берілді», - деп мәлімдеді Атырау облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма басшысы Жасұлан Бисембаев.

null 

Соңғы жаңалықтар