Атырау облысында мұз астына түсіп кеткен 4 бала құтқарылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат  - Атырау облысында құтқарушылар  мұз астына түсіп кеткен 4 баланы ажалдан аман алып қалды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.

«16 наурызда Құрманғазы ауданы аумағында Шора өзенінде 4 бала мұз астына түсіп кетті деген хабар түсті. Қайғылы оқиға балалардың тентектігі салдарынан болған. Мектеп оқушылары (үш бала мен 1 қыз) өзеннің қарсы бетіне шығып, мұз үстінде ойнаған. Кенеттен  мұз ойылып балалардың бірі батып кеткен, артынша қалғандары да ойыққа түсіп етті,-делінген Батыс өңірлік аэромобильдік жедел-құтқару жасағының ВКонтакте желісіндегі хабарламасында.

Батыс өңірлік аэромобильдік жедел-құтқару жасағы  Құрманғазы аудандық құтқарушыларының және Құрманғазы ауданы ТЖБ мамандарының арқасында балалар ажалдан аман қалды. 

Соңғы жаңалықтар