Атырау облысында 4 млн теңге пара алған тергеуші жазаланды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау облысы Индер ауданы ІІБ тергеушісіне айыппұл салынып, мүлкі тәркіленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Сотқа дейінгі тергеу кезінде анықталғандай, Индер ауданы ІІБ аға тергеушісін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің қызметкерлері пара алғаны үшін ұстаған. Оған параны ұлының үстінен қозғалған істі жауып, тоқтатып беруін сұраған ер адам берген», - деп хабарлайды облыстық соттан.

Осылайша бұрынғы полиция қызметкеріне 4 млн теңге айыппұл салынып, оның мүлкі тәркіленді. 

Соңғы жаңалықтар