Атырау облысында 20 жастағы бақташы суға кетті

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау облысы Құрманғазы ауданында Шароновка өзені арқылы мал айдап өтпек болған 20 жасар бақташы суға батып кетті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Қайғылы оқиға Құрманғазы ауданының Жапырақ ауылы маңында болған. Жас жігіт сиырларын өзеннен айдап өтпек болған. Шамасы, өзеннің қатты ағысына төтеп бере алмай, суға кеткен. Оқиға орнына келген құтқарушылар мәйітті өзеннің төменгі жағынан тапты», - деп хабарлады Атырау облысы ТЖ департаменті. 

Соңғы жаңалықтар