Атырау облысына барған фтизиатор-дәрігерлер баспанамен қамтылады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев өңірде туберкулезден емдейтін дәрігерлердің жетіспейтінін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Туберкулез бойынша өңірде ем-дом жүргізетін фтизиаторлар жетіспейді. Өткен аптада республиканың бас фтизиаторымен, туберкулез мәселелері жөніндегі институт жетекшісімен жиналыс өткіздік және жоспарлар жасадық. Педагогтар мен дәрігерлердің жетіспеушілігі өте өзекті болып отыр»,- деп жауап берді Нұрлан Ноғаев журналистердің сұрағына.

Оның айтуынша, медициналық ЖОО студенттері фтизиатор мамандығын таңдауға қорқады.

«Жастар бұл саланы таңдауға қорқады. Дәрігерлердің өзі қорқады. Өткен жылы 240 дәрігер жетіспеушілігі болды, 126 дәрігерді шақыра алдық. Оның 75-і оқуды жаңа бітірген жас мамандар. Биыл жүзге жуық дәрігер шақыруды жоспарлап отырмыз. Туберкулезбен күрес мәселелерімен айналысатын мамандарды, фтизиаторларды баспанамен қамту бойынша шараларды қолға аламыз», - деді Нұрлан Ноғаев.

Соңғы жаңалықтар