Атырау Мұнай-өңдеу зауыты жұмысын толық тоқтатады

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат -  Атырау МӨЗ жетпіс жылдан астам тарихында алғаш рет өз жұмысын толықтай тоқтатады, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Ағымдағы жылғы 18 тамыздан бастап «Атырау МӨЗ» ЖШС кәсіпорын жұмысын алғаш рет толық тоқтатып, жоспарлы күрделі жөндеу жұмыстарын бастайды. Ол 29 қыркүйекке дейін жалғасады, яғни технологиялық жабдықтың ұзақ, қауіпсіз, сенімді жұмысын қамтамасыз етуге бағытталған шаралар кешенін атқару жоспарлануда», - деп хабарлады АМӨЗ баспасөз қызметінен.

Күрделі жөндеуге дайындық аясында мұнай өңдеушілер зауыттың технологиялық жабдықталуын егжей-тегжейлі тексеріп, барлық мәселелерді пысықтады. Ескірген жабдықтар ауыстырылады. Түтікшелер мен аппараттар техникалық тексеруден өткізіледі. Сорғы-компрессорлық жабдық жөнделіп, техникалық пештер мен құбыр өткізгіштер тексеріледі. Энергетикалық жабдықтар, аспаптар жөнделеді.

 «Жоспарлы жөндеу жұмыстары отын нарығының тұрақтылығына әсер етпейді», - деді зауыттың баспасөз қызметінде.

АМӨЗ-ден атап өткендей, жөндеу жұмыстарын бастар алдында резервуарлар әлеуметтік маңызды мұнай өнімдерімен толтырылды. Бұл өңірдің сұранысын қамтамасыз етуге жеткілікті. Жұмысты тоқтату кестесі ҚР Энергетика министрлігімен келісілген.

Соңғы жаңалықтар