Аттракциондар саябағында қыз бала жеті метр биіктіктен құлады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Нью-Йорк маңындағы ойын-сауық саябағында 14 жастағы қыз бала аттракционнан құлап кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат «РИА Жаңалықтар» агенттігіне сілтеме жасап.

Куәгерлер оқиғаны видеоға түсіріп алған. «Баланы астынан қағып алу үшін жиналған адамдарға және кедергі жасап тұрған бұтақтарды алып тастау үшін ағашқа шыққан ер адамға алғыс айтамыз», - деп жазды роликті өз парақшасында жариялаған Facebook пайдаланушысы  Loren Lent .

Саябаққа келген адамдар мен оның қызметкерлерінің арқасында Дэливер штатында тұратын 14 жастағы қыз бала жеті метрден астам биіктіктен құлағаннан кейін ауыр жарақаттар алған жоқ. Аттракционға жауап беретін компания өкілдері оның жұмысында кінәрат болмағанын атап өткен. 

Соңғы жаңалықтар