Атбасарда 150-ден астам адам қауіпсіз жерге көшірілді

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат- Ақмола облысының Атбасар қаласында 150-ден астам адам қауіпсіз жерге көшірілді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Аудан əкімдігінің жанынан ашылған жедел штабтың мəліметі бойынша, Жабай өзені мен еріген қардың суы арнайы тұрғызылған су бөгетін үш жерден тескен. Алайда, құтқарушылардың ширақ қимылының арқасында төтенше жағдайдың алды алынды.

Соңғы мəліметтерге қарағанда, Атбасардағы ЖБК шағын ауданында, яғни, қауіпті аумақта орналасқан 70 үй анықталып отыр. Оның ішінде дəл қазір 67 отбасы (150 адам ) жəне 37 үй жануары қауіпсіз жерге көшірілді, 20 үйді су басып қалған.

«Қазіргі кезде Жабай өзеніндегі су деңгейінің қатерлі шегі 4,5 метрге жеткен. Құтқарушылар сағат сайын мониторинг жүргізіп, судың деңгейін бақылап отыр. Қазір жағдай тұрақты», деп түсіндірді жедел штабтың кезекшілік бөлімінен.

Соңғы жаңалықтар