Атамбаев Сирияға қырғыз әскерін жіберу мәселесіне пікір білдірді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев Сирияға қырғыз әскерінің жіберілуі мәселесіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат kabar.kg. сілтеме жасап.

Атамбаевтың айтуынша, Сирияға әскер жіберу мәселесі Ресей тарапынан да көтерілмеген.

«Бұл жай нәрсе емес, себебі егер шынымен осы мәселе көтерілсе, біріншіден, Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы барлық мүшелерінің бірауыздан қабылдаған шешімі, екіншіден, БҰҰ-ның резолюциясы қажет. Үшіншіден, бұл ел парламентімен ақылдасып, шешілетін мәселе», - деді президент.

Ол сөз арасында Бішкекте түймедейді түйедей ететін адамдар бар екендігін де айтып өтті.

Айта кетейік, бұған дейін ресейлік БАҚ-тарда Ресей Сирияға Қазақстан мен Қырғызстанның әскерлерін жіберу бойынша ұсыныстар жасағандығы туралы ақпарат жарияланған болатын. 

Соңғы жаңалықтар