Атақты әнші Селена Гомес «Жыл әйелі» атанды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Америкалық әнші Селена Гомес Billboard журналының тұжырымы бойынша «Жыл әйелі» атанды. Бұл туралы сейсенбі күні басылымның сайтында хабарланды.

"Селена музыкалық чарттардың ең жоғары жағында көрініп қана қоймай, үнемі жас әйелдерді жігерлендіріп жүр. Біз оған «Жыл әйелі» атағын бергенімізге қуаныштымыз», - деп келтіреді журнал The Hollywood Reporter - Billboard Media басшысы Джон Аматоның сөзін.

Өткен жылы бұл сыйлыққа Мадонна ие болған еді. Басылым атап өткендей, сыйлықты марапаттау 30 қарашада Лос-Анджелесте жыл сайын өткізілетін Billboard Women  in Music марапаттау рәсімінде ұсынылады.

Селена Гомес өз мансабын 2002 жылы актриса ретінде бастаған, бірнеше Дисней мультфильмдерін дыбыстауға атсалысып, сериалдарға түскен.  2009 жылы Selena Gomez өзінің the Scene тобымен бірге Kiss and Tell дебюттік альбомын шығарды. 

Фото:© EPA/JUSTIN LANE

Соңғы жаңалықтар