Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
Астана: -22 °С
Алматы: -7 °С
USD 335.33 EUR 395.49
RUB 5.70 CNY 50.75
Жаңалықтар

Астананың жаңа теміржол вокзалы «Нұрлы Жол» деп аталады

2017 жылғы 21 сәуір 17:01 2638
Поделиться:
Астананың жаңа теміржол вокзалы «Нұрлы Жол» деп аталады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада ЭКСПО-2017 халықаралық көрме қарсаңында ТМД елдерінде баламасы жоқ, соңғы жылдары әлемде соңғы әлгідегі жаңадан салынған «Нұрлы Жол» жаңа вокзалы пайдалануға беріледі, деп хабарлайды «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі.

Жоба аясында Астана теміржол телімінің инфрақұрылымын дамыту мен вокзал кешені құрылысын жүргізу жұмыстары атқарылады.

Астана инфрақұрылымын дамыту арқылы жүк және жолаушылар ағынын ұлғайту көзделеді.
Қаланың ішкі теміржол нысандарын дамыту құрылысына алдыңғы қатарлы инновациялық технология пайдаланылады. Шудан қорғайтын құрылғымен қапталған теміржол эстакадасы қаланың көлігін ағынына кедергі келтірмей, жолаушыларды жаңа теміржол вокзалына жеткізеді.
Жаңа вокзал тәулігіне 35 мың жолаушыны өткізе алады. Ал, қазіргі елордасындағы ескі вокзал арқылы күніне 12 мың жолаушы өтуі тиіс болса, онда іс жүзінде 18 мың жолаушыға дейін кіріп-шығады.
Жаңа возкал жобасын сараптау барысында тартылған Buro Happold (Ұлыбритания), Tabanlioglu Architects (Түркия), Jamas (Германия) халықаралық сарапшылар командасы вокзалды теміржолдың үстіне конкорс арқылы орналастыруды қолдады.
Бұл өз алдына вокзал ғимаратын жасаудағы соңғы тәсіл өзіндік ноу-хау болып табылады. «Вокзал-көпір жағалаудан біртіндеп көтеріліп, кеңістікті тиімді пайдалануды мақсат еткен.
Вокзалдың қаланың іскерлік орталығына жақын орналасуы да өте қолайлы. Ол арқылы қаладағы автокөліктің кептелісі  азаяды.
Вокзал ғимаратының аумағы120 мың шаршы метр. Онда мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған такилдік жолдар, Брайл әліпбиімен ақпаратты табло, арнайы касса қызмет көрсетеді.
Негізгі күту залынан бөлек әлемдік талаптарға сай қонақүйлік бөлмелер, қолайлы сақтау қоймалары, ана мен бала бөлмесі, медициналық кеңселер, фудкортттар, мейрамханалар, 1500 орындық ішкі және сыртқы паркингтер қамтылған.
Ғимарат қуат үнемдегіш лифтілермен эскалаторлармен қамтылып, жылу жүйелері қыста ауаны жылытса, жазда салқындатады.
Жаңбыр суын жинап, оны қасбетті жууға пайдаланып, жақын аумақты көгалдандыруға жұмсалады.
Жолаушылардың кезек күтіп қалмауын болдырмау үшін кезекті басқарудың замануи қондырғысы, билетті электронды сату жүйесі, Интернетке шығу мүмкіндігі жасалады.
Жолаушыларды төтенше жағдайлардан қорғау мақсатында лаңкестік оқиғалардың алдын алудың кешенді мүмкіндігі жасалады. Оның жолаушыларды тексеріп кіргізу құрылғысы, бейнебақылау жүйесі орнатылады. Ғимараттың іші сыртында қозғалыс тәртібі тәулік бойы бақыланады.
Жаңа вокзал ашылған кезде 1 300 адам жұмыспен қамтылады.
15 мамырда жалпы құрылыс жұмыстары аяқталып, 1 маусымда вокзал кешені инфрақұрылымының - инженерлік коммуникациялық және пойыз қозғалысын интеллектуальдық басқару жүйесі, жолаушыларға қызмет көрсетуі тестілік сынақтан өткізіледі.
«Нұрлы Жол» вокзалына алғашқы пойыздар 1 маусымнан кіріп, шыға бастайды.


Басты сөздер: Астана, ҚТЖ, Көлік,
Бөлісіңіз:
Пікір қалдыру
Онлайн қызметкерлер
Редактор
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
Мұрағат