Астананың 20-жылдық мерейтойына жоспарланған шаралар жыл бойы өтеді - министр

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Астананың 20-жылдық мерейтойына қатысты жоспарланған 100 ауқымды шара туралы айтты, деп ҚазАқпарат.

«Келешекте Астанада қалыптасқан түрде өтетін үш-төрт шара қажет. Кезінде өтіп тұрған «Азия дауысы» фестивалінің конкурстық финалына билет табылмайтын. Оның жабылып қалғаны өкінішті, әрине. Voice of Astana халықаралық эстрада әндері фестивалі орнын басу керек деген ойдамыз. Фестиваль 15-16 маусымға жоспарланып отыр және мәдени іс-шаралардың ішінде бұған ең көп қаржы жұмсалады. Фестивальға шетел жұлдыздарын шақырмақшымыз», - деп жазды министр Фейсбуктегі парақшасында.

Арыстанбек Мұхамедиұлы мерейтойды атап өтуге қаржы көп жұмсалмайтынын, әрі 10 шара жыл бойы өткізілетінін жеткізді.

«Жасыратыны жоқ, Астана күнін тойлауға бөлінген қаржы сомасы туралы сұрақ туындады. Айтайын дегенім, Астананың 20 жылдығын тойлау аясында 100 (!) шақты жыл бойы өтетін іс-шара жоспарланып отыр. Маусым-шілде айлары шараларға толы болып, одан кейінгі айлар бос болып қалмас үшін іс-шараларды жыл бойына біркелкі қылып бөліп отырмын.

Мерейтойды атап өтуге келсек, бұл - әлемдік тәжірибе, біз еліміздің беделін көтеретін іс-шаралар өткізуге міндеттіміз. Қазақстан - әлемдік қауымдастықтың бір бөлігі. Барлық ел халықты тарту үшін өнер арқылы өз жетістіктерін көрсетуі тиіс. Имидждік шаралар осы үшін ұйымдастырылады. Өздеріңіз көріп отырғандай, біз барлық шараны ірі әлемдік театрлармен немесе концерттік ұйымдармен бірлесіп өткізіп жатырмыз. Бұл қажет», - деді министр.

Оның айтуынша, Байғали Серкебаевтың 60 жылдығына және Батырхан Шүкеновті еске алу кеші өткізіледі.

«Байғали Серкебаевтың 60 жылдығына арналған және Батырхан Шүкеновті еске алу кешін өткіземіз. Оның достары Валерия, Агутин, Меладзе, Орбакайте әншіні еске алу концертіне қатысуды борышымыз деп санайды. Мұндай кең ауқымды фестиваль ұйымдастыруда басты шығын техникалық жабдықтауға кетеді, өйткені сапалы жарық пен дыбыс өте маңызды», - деді Арыстанбек Мұхамедиұлы.

Басқа да ірі іс-шаралардың қатарында «Астана Опера» театры Бейжің ұлттық опера театрымен бірлесіп Дж.Пуччинидің «Турандот» операсын сахналауы, ҚР Ұлттық мұражайда өтетін үндінің «Ұлы моғолдар. Тарих жәдігерлер» көрмесі өткізіледі. Сондай-ақ, Астананың 20 жылдығына орай Бірінші телеарнамен бірлесіп түсірген «Махаббат. Үміт. Астана» телесериалының тұсаукесері 5-6 шілде күндері болады.

Сонымен қатар тағы да бірмаша белгіленген шаралар бар.

Олар: 1 шілде күні «Қазақстан барысы» республикалық турнирі, 1-5 шілдеде «Еуразия» XIV халықаралық фестивалі, 3-4 шілдеде «Астана'2018 - Еуразияның оқырман астанасы» халықаралық фестивалі, 7-13 шілдеде Wide World ерекше театрлардың I халықаралық фестивалі және халықаралық симфониялық оркестрдің орындауында Карл Дженкинстің Shine Astana салтанатты одасының тұсаукесері, 16-18 шілдеде Тәуелсіздік сарайында Архитекторлардың халықаралық конгресі, 16-22 шілдеде теннистен ҚР Президенті кубогы, 17-23 шілдеде заманауи хореография кеші, 20-30 шілдеде «Опералия» халықаралық фестиваль аясында Open Air форматында Мұқан Төлебаевтың «Біржан - Сара» операсы, 25-29 шілдеде The Spirit of the Dance заманауи этникалық би және музыка фестивалі және халықаралық ақындар айтысы болады. Сонымен бірге, «Этноаул» ұлттық мәдени кешенінің ашылуы жоспарланып отыр.

«Достарым, жоспарланған кейбір ірі шараларды әзірше тізімге қосқан жоқпыз. Мысалы, Мариин театрының қойылымдары, ол туралы демеуші Сбербанкпен келіссөз жүргізудеміз.

Мерекелік іс-шараларымыз балалардың шығармашылығын дамытуға және спортты насихаттауға бағытталған. Жоспарланған іс-шаралардың көбі Астанада өтеді, алайда кейбірі шетелде өтеді немесе өтті де: мысалы, 17 қаңтарда Нью-Йоркте «Қазақстан Астана Балет» гала-концерті болды, ал 8 мамырда халықаралық Канн'2018 кинофестивалінде Қазақ киносы күні болады, шілдеде тағы да Нью-Йоркте Қастеев атындағы мемлекеттік өнер мұражайы қорынан акварель және майлы бояу суреттер көрмесі жоспарланып отыр», - деді ҚР МСМ басшысы.

Минстрі Тбилиси мен Бакуде әлем эстрада жұлдыздарының қатысуымен өткен іс-шараларды санамалап шықты.

«Ол өте қымбатқа түсетін іс-шаралар! Мысалы, Элтон Джон, Леди Гага, Формула-1 концерттері. Біз ондай шығынға бара алмаймыз. Жалғыз Элтон Джонның өзіне бөлінген бюджеттің жартысы кетер еді. Бәрі таңғалып қалды, әрине. Егер берілген қаражатты жүз іс-шараға бөлсек, онда бюджетті үнемдеу жолын таңдағанымызды есептеп шығаруға болады», - деді ол.

Ол мерекелік бағдарламаның жоғары деңгейде өтуіне күш жұмсалататын атап өтті.

«Айтылған сынға келсек, біз жоспарланған іс-шаралар тізімін басынан беруіміз керек еді. Қаржы министрлігі бізді толықтай қолдады, қаражат бюджетте қарастырылған. Достарым, біз мерекелік бағдарламаның жоғары деңгейде өтуіне барлық күшімізді саламыз және ол елордамыздың тұрғындары мен қонақтарының көңілінен шығып жүрегіне жол табады деп сенемін. Мерекелік іс-шараларға қатысуға ниетті адамдар үшін жоспарланған шаралар кестесін арнайы егжей-тегжейлі беріп отырмын. Көрікті, сүйікті жас Астанамыздың мерейтойын бірге тойлайық, ағайын!», - деді министр.

Соңғы жаңалықтар