Астананың 20 жылдығының құрметіне жиырма мың қарағай көшеті отырғызылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Парламентінің депутаттары, мемлекеттік органдардың басшылары және Қазақ агротехникалық университетінің студенттері елорданың Жасыл белдеуіне 20 мың қарағай көшетін отырғызды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүкілқазақстандық ағаш отырғызу күніне орай егілген символдық көшет саны ел астанасының 20 жылдық мерейтойына арналып отыр.

«Соңғы 4-5 жыл бойы елімізде ағаш отырғызу күні тұрақты өткізіліп келеді. Бұл өте жақсы бастама. Себебі, Қазақстанда орман алқабы 4,6 пайызды ғана құрайды. Егер жеріміздің жалпы көлемі 272 млн гектар болса, бар-жоғы 12 млн гектар ғана орманымыз бар. Орман - кез келген елдімекеннің «өкпесі» болып саналады. Сондықтан, ағаш отырғызу ісіне бей-жай қарамау керек», - деді ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ерлан Нысанбаев Жасыл белдеудегі ағаш отырғызу рәсімінде.

null 

Министрлік өкілінің айтуынша, 1990 жылдардың соңында Президент Нұрсұлтан Назарбаев Астананың Жасыл белдеуін құруды тапсырған. Жүйелі жұмыстың арқасында бүгінде Жасыл белдеу көлемі 80 мың гектарға жетті. Бұл Астананың климатына, экологиясына оң ықпалын тигізеді.

null 

«Бүгінгі рәсім де Жасыл белдеудің дамуына қосқан кішкентай ғана үлесіміз. Көшеттер Семейдегі тәлімбақтан жеткізілді. Семейде швед технологиясы бойынша көшет өсіретін, Орталық Азияда алғаш рет ашылған тәлімбақ бар.  Онда жылына 5 миллион көшет өсіріледі», - деп өз сөзін толықтырды вице-министр.

null null null null 

Айта кетейік, 21 сәуір күні еліміздің барлық өңірлерінде «Бүкілқазақстандық ағаш отырғызу күні» аталып өтеді. Былтыр бұл шараға 424 мыңнан астам адам қатысып, республика аумағына 620 мыңға жуық ағаштар мен бұталар отырғызылған.

Соңғы жаңалықтар