Астаналықтар тегін скринингтен өте алады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін «Өз денсаулығың - өз қолыңда» атты скрининг акциясы өтті, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.

Әрбір қала тұрғыны мен қонақтарына «Керуен» және «Евразия» сауда орталығының аумағында тез уақытта тегін тексеруден өту мүмкіндігі ұсынылды. Онда күні бойы әр түрлі бағыттағы мамандармен шағын дәрігерлік кабинеттер (кардиолог, онколог, эндокринолог, дерматовенеролог, психолог, нутрициолог)  жұмыс істеді.

Бұл күні барлық ынта білдіргендер алдын алу мәселесі бойынша және ауруды ерте анықтау, қоршаған ортаның әр түрлі факторларының зиянды әсерін төмендету, дұрыс тамақтанбау туралы кеңестер алуға мүмкіндіктері болды. Сонымен қатар, қандағы глюкоза және холестерин деңгейін анықтау, қан қысымын өлшеу, май тканінің дене бұлшық еттер салмағын ескерумен өз дене салмағының индексін білу, сонымен қатар басқа медициналық қызметтерді пайдалану мүмкіндігі болды.  

Денсаулықтың әлеуметтік және экологиялық детерминантар, демографиялық жағдайлар және тұрмыстық салттың өзгеруілері аурудың ауыртпалығын өзгертті: қазіргі күні аурулардың ауыртпалықтың негізгі бөлігі  өлім-жітім және инфекциялық емес аурулардың  бесеуіне келеді - жүрек- қан жолдары, онкология, созылмалы респираторлық аурулар, психиканың бұзылуы және диабет.

Бұның әлеуметтік- экономикалық салдары бар және денсаулық сақтау және елді дамыту жолында толық кедергі тудырады.

Жалпы өлім-жітім құрылымында 50% аса қан айналым жүйесінің аурулары (ОНМК, инфаркт миокарда), қатерлі ісіктер, жазатайым уақиғалар, жарақаттар мен уланулар құрайды. 

Соңғы жаңалықтар