Астаналықтар екіқабатты экскурсиялық автобуспен тегін саяхаттайды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі мерекесі күндері (16, 17, 18 және 19 желтоқсан) Астана қаласының тұрғындары мен қонақтары «Red Bus» екіқабатты экскурсиялық автобуспен сол жағалау бойынша тегін саяхаттай алады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы .

Экскурсия «AiLand» (океанариум) ойын-сауық орталығынан басталып, «Хан шатыр» ОСО аялдамасы, «Мәңгілік Ел» триумфальді қақпасы, «MEGA SilkWay» ОСО, Ұлттық музей мен «Астана Бәйтерекпен» аяқталады.

Барлық сұрақтар бойынша call-орталыққа: +7 777 555 75 75, 77-90-99,Instagram желісіндегі @redbus.kz аккаунтына хабарласуға болады. Экскурсия барысында автобус салонында дыбыс күшейткіш арқылы қазақ және орыс тілінде аудиогид жүргізіледі (бір рейсте - қазақ тілінде, екінші рейсте - орыс тілінде). Ал бір ғана тілде тыңдағысы келгендер құлаққап киюі қажет.

Ал тегін мерекелік сырғанау кезінде жолаушыларға құлаққап берілмейді. 

AiLand аялдамасынан автобустың жүретін уақыты:

MEGAаялдамасынан автобустың жүретін уақыты:

- сағат 10:00

- сағат 11:30

- сағат 12:45

- сағат 14:30

- сағат 16:00

- сағат 17:15

- сағат 18:35

- сағат 20:00

- сағат 21:20

- сағат 10:00

сағат11:15

- сағат 12:45

- сағат 14:00

- сағат 15:45

- сағат 17:15

- сағат 18:30

- сағат 20:00

- сағат 21:15

- сағат 22:45

Соңғы жаңалықтар